Аймақтар • 08 Тамыз, 2020

Атырауда ұры үш жылдан кейін ұсталды

1460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрлық бәрібір ашылмай қоймайды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,  2017 жылы Махамбет ауданының Алмалы селолық округінде тұрғын үйді тонаған ұры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда ұры үш жылдан кейін ұсталды

"Округ аумағында орналасқан саяжайлардағы баспанадан  "Samsung" планшеті, құлаққап,  3000 теңге ұрлаған ұры үй иесіне жалпы құны  37 мың теңге  көлемінде залал келтірген. Алайда сол кезде тұрғын үйді тонаған ұры қолға түспеген еді. Жақында Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрыны анықтап, қолға түсірді. Қазір күдіктінің өзге де  қылмыстарға қатысы тексеріліп,  тергеу  амалдары жүргізілуде", деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, Махамбет ауданында жасалған ұрлық қылмысына талдау жүргізіліпті. Талдау қорытындысында былтырғы жылмен салыстырғанда,  ұрлық  62,5 процентке  азайғаны байқалыпты. Оның ішінде пәтер ұрлығы 90 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, жыл басынан бері облыс полицейлері өткен жылдары жасалған 92 ұрлық қылмысын ашып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30