Бизнес • 09 Тамыз, 2020

Атырауда 222 адамға бизнесін бастау үшін 600 млн теңге берілді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне қарағанда, биылғы алты айда  "Еңбек" бағдарламасымен  600 млн теңгенің  несиесі мен гранттары беріліпті. Оған жеке  кәсібін бастауға ниет білдірген  222 адам ие болды, деп жазады Egemen.kz

Атырауда 222 адамға бизнесін бастау үшін 600 млн теңге берілді

"Биыл кәсіпкерлік негіздеріне 368 адам  оқытылды. Ал, қысқа мерзімді оқуға  677 адам жіберілді. Сонымен бірге, 3 320 адам тұрақты жұмысқа, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды", деді Махамбет Досмұхамбетов.