Абай • 10 Тамыз, 2020

Абай күніне орай онлайн концерт өтеді

52 рет көрсетілді

10 тамыз - Абай күніне орай бүгін сағат 21:00-де Қазақконцерттің YouTube арнасында "Абай арманы" атты концерттің онлайн көрсетілімі өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақконцерттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайдың 175 жылдығы аясында "Абай күні" деген атаулы датаның белгіленуі біз үшін қуанышты жаңалық болды. Ұлы Абайдың бай музыкалық мұрасында ұлттық өнеге мен мол тағылым жатыр. Сондай-ақ поэтикалық және композиторлық туындыларымен қазақ музыкасына жаңа леп әкелген Абайдың ән мұрасы ерекше сұлулығымен, көркемдік байлығымен, әуезділігімен құнды. Абайдың шығармашылығына ғана тән осы Қазақконцерт солистері ұсынатын жаңа концерттік бағдарлама көрініс табады", - деді Қазақконцерттің басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы.

Онлайн концертте белгілі әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан өнер көрсетеді. Онлайн форматта өтетін мерекелік концертте Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндер орындалады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Мұрағаттар мұң шағады

Әдебиет • Бүгін, 19:50

Тарихи нысандар жаңғыртылуда

Қазақстан • Бүгін, 13:05

"Balapan" телеарнасына - 10 жыл

Қазақстан • Бүгін, 11:00

Бүгін – Еңбек күні

Қазақстан • Бүгін, 09:20

Шектен шыққан ахуал жоқ

Аймақтар • Кеше

Атырауда егіз ұл аман-есен табылды

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар