Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді

Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді.

Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні жақсарып, палатаға ауыстырылды. Бүгінде болашақ ана өздігінен тыныс алып жатыр.

“Қазір жағдайым жақсы. Барлығыңызға алғыс айтамын. Әрдайым күлімдеп, жанымды жылы сөзбен емдеген дәрігерлерге алғысым шексіз”, - дейді Гулжауһар Күнжубаева.

Жүкті келіншек бір айдан аса уақыттан бері Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлердің бақылауында. Мамандар анасы мен шарананың жағдайы жақсы екенін жеткізді.

"Науқас 6 шілде күні ауруханаға түскен. Қазір жүктіліктің - 29 аптасында. Құрсағындағы баланың жағдайы  жақсы. Толық ем қабылдауда. Енді антибиотиктерін азайтып, оттегі беретін аппаратсыз дем алуды үйретіп жатырмыз", - дейді дәрігер-гинеколог Нұржамал Көшенова.