10 тамызда "Venezolana de Televisión" телеарнасынан президент Мадуро ТЖ-дың әлі де 30 күнге ұзартылатынын, алайда тамыздың 10-нан бастап әр жеті күн сайын карантиндегі қатаң шектеулердің бірте-бірте босаңситынын айтқан. Ал эпидемиологиялық ахуалы күрделі аймақтарда, сонымен бірге ел астанасы Каракаста карантиндік шаралар өзге өңірлерге қарағанда баяу жүретініне тоқталды.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне қарағанда бүгінде Венесуэлада 25 805 адам вирус жұқтырған.