Спорт • 10 Тамыз, 2020

"Астана" "Динамо-Брестке" қарсы ойнайды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/21 жылғы маусымның жеребесі тартылып, қай командалардың өзара күш сынасатыны анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Астана" "Динамо-Брестке" қарсы ойнайды

Аталған жарыстың бірінші іріктеу кезеңінде Нұр-Сұлтанның "Астанасы" Беларусьтің "Динамо-Брест" клубымен шеберлік байқасады. Бұл команданың іргетасы осыдан дәл 60 жыл бұрын қаланды. КСРО дәуірінде олар төменгі лигаларда ойнаса, кейіннен біршама тәуір нәтижеге қол жеткізе бастады.

Атап айтсақ, 1992 жылы Беларусь чемпионатында қола медальді қоржынға салса, былтыр бас жүлдені олжалады. Үш мәрте ел кубогын иеленді. Суперкубок жолындағы жарыстың соңғы үш маусымында қарсылас шақ келтірген жоқ. Бір рет УЕФА кубогы және екі мәрте Еуропа лигасында бақ сынады. Бірақ халықаралық додаларда "Динамо-Брестің" жолы болмай, олар іріктеу кезеңдерінде іркілді.

Қос команда 18 немесе 19 тамызда кездеседі. Екеуара бір ғана матч өткізеді. Осы кездесуде жеңген ұжым келесі кезеңге жолдама алса, жеңілгені Еуропа лигасында ойнайды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше