23 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 782

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 5 тамыз Астана, Үкімет Үйі

«Карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1295 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002ж., № 44, 440-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     С.АХМЕТОВ.