Жоғарғы соттың сайтында мұндай жағдайдың Бразилия тарихында бұрын соңды болмағаны, отандастарды жоғалтудың ауыр қайғы екені жазылған.
Латын Америкасындағы бұл елге COVID-19 салған тақсірет азаяр емес. Өткен тәуліктің ішінде тағы да 23 мыңнан адамға жұққан SARS-CoV-2 пандемия басталғалы 3 035 422 бразилиялықты тырнағына іліктірген.
Бүгін елде аза тұтудың екінші күні.