Коронавирус • 10 Тамыз, 2020

COVID-19: Пириней түбегі түтеп тұр

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"ИноТВ"  COVID-19-ға қатысты Испаниядағы жағдайды осы елдегі күнделікті шығатын "ABC" жалпыұлттық газетінің деректеріне сүйене отыра вирустың таралуы Ұлыбритания, Франция, Германияда ауырғандардың санын қосқандай деп жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Пириней түбегі түтеп тұр

Пиреней түбегін жайлаған індеттің бұл екінші толқыны ма, әлде кейбір ошақтарда вирустың етек жаюы ма деген сауалдарға жауап таппай отырған испаниялықтар COVID-19-дың кәрі құрлықтың басқа аймақтарына қарағанда түбектегі қарқынына қатты алаңдау үстінде.

Өткен апта ішінде Испаниядағы КВИ-дің жаңадан тіркелуі 4500-ді құрап, осыған дейінгі көрсеткіштерді шаң қаптырды. Бұл санның  техникалық себептерге байланысты Арагон аймағының кірмей қалғанының сыртында екенін қаперге алсақ, жағдайдың қаншалықты күрделі екені айқындала түседі.

Соңғы екі апта ішінде Испанияда 38 мың адам ауру жұқтырса, пандемия Пиренейде тіркелгелі 361 442 пациент КВИ есебіне кіріп, 617 адамның халі ауыр жағдайда көрінеді.