Оқиға • 10 Тамыз, 2020

Лисаковск қаласында пәтерден өрт шықты

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында пәтерден шыққан өрттен дер кезінде 10 адам эвакуацияланды. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Лисаковск қаласында пәтерден өрт шықты

9 тамызда Лисаковск қаласы 3-МӨСБ пультіне 6-шағын аудан мекенжайы бойынша пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына келген кезде ас үйдің отпен қамтылғаны анықталды, өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 1950 жылы туған пәтер иесін құтқарды.

Үйдің кіреберісінен 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің жедел және шебер іс-әрекеттерінің арқасында өрттің қауіпті факторларынан адамдардың қаза болуын және оттың одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік туды.

Өрт сағат 16.13-те ауыздықталды және сағат 16.23-те жойылды. Себеп пен залал анықталуда. ТЖД құрамында жеке құрамнан алты адам және бір бірлік техника жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше