Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Жамбыл облысында ауруханалар қалыпты жұмысқа көшуде

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы жағдайлар бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 3889 дерегі тіркелген. Оның ішінде 1693 адамнан коронавирус белгілері анықталса, 2196 жағдай симптомсыз болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында ауруханалар қалыпты жұмысқа көшуде

Бүгінгі таңда барлығы 3091 адам емделіп, инфекциялық стационардан шығарылған. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бүгінде өңірде төсек-орын қорының жүктемесі 24,1 пайызды құрайды. Қазіргі кезде мұнда 162 адам ем алуда. Ал, провизорлық стационарларда 270 науқас жатыр. Сондай-ақ 1486 адам үй карантиніне оқшауланған.

Бүгінде облыста коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар ем алған стационарлар жабылуда. Соңғы науқастардың емделіп шығуына байланысты өңірдегі инфекциялық және провизорлық ауруханалар қалыпты жұмыс режіміне көшуде. Ал, соңғы емделушінің шығарылуына байланысты 7 тамыз күні облыстық аурухана базасында ашылған 300 төсектік инфекциялық стационар да жабылды. Сондай-ақ ағымдағы жылғы 5 наурыз бен 18 маусым аралығында карантиндік стационар ретінде жұмыс істеген Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының базасындағы 150 төсектік инфекциялық стационар 8 тамыз күні жабылды.

Сонымен қатар екі провизорлық стационар жабылуға дайындалуда. Олардың бірі 250 орынға арналған облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында орналасқан. Мұнда 30 науқас емделу мерзімін аяқтайды. 

 

Жамбыл облысы