Абай • 10 Тамыз, 2020

АҚШ Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды алғаш рет аталып өтіп жатқан Абай күні мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшілікке сілтеме жасап.

АҚШ Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

"Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – Абай күні мерекесі! Бұл мереке – руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де Елшілікте Абай күнін атап өту үшін, Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын Тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған "Кемел адам тәрбиелеу" – адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр", - делінген құттықтауда.