2013 жылғы 5 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарыныц) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында:
сумен жабдықтау қызметтері:
1) суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру;
2) суды таратушы желілер арқылы беру;
3) суды арналар арқылы беру;
су бұру қызметтері:
1) сарқынды суларды бұру;
2) сарқынды суларды тазарту.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.