Спорт • 11 Тамыз, 2020

«Манчестер Юнайтед» келесі қарсыласын күтеді

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа лигасының жартылай финалына «Манчестер Юнайтед» командасы да жолдама алды, – деп хабарлайды Egemen.kz.

«Манчестер Юнайтед» келесі қарсыласын күтеді

«Қызыл сойқандар» 1/4 финалдық ойында Данияның «Копенгаген» клубын турнирден ығыстырды. Негізгі уақытта есеп ашылмағанымен қауіпті шабуылдар айтарлықтай көп болды. Алайда, жанкүйерлер голды қосымша берілген 30 минуттық экстра-таймда көре алды.

Кездесудің 95-минутында Андреас Бьелланн (Копенгаген) қарсылас команданың ойыншысына дөрекі ойнап, айып алаңының ішінде ойын ережесін бұзды. Бас төреші Турпен ойланбастан 11 метрлік айып добын белгіледі. Бруно Фернандеш («Манчестер Юнайтед») мүмкіндікті пайдаланып, командасын алға шығарды. Есеп – 1:0. Ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ.

Сонымен МЮ командасы «Интерден» кейінгі Еуропа лигасына жолдама алған екінші команда.  

Ойын статистикасы:

МЮ – «Копенгаген»

Соққы – 26:9; Дәл соққы – 14:0; Бұрыштама – 8:4; Офсайд – 4:1; Сары қағаз – 2:3; Қызыл қағаз – 0:0; Ойыншы алмастыру – 5:5; Допты иелік ету – 54% - 46%.

 Негізгі құрам:

МЮ: Ромеро (қ), Магуайр (К), Бейи (Линделёф), Ван-Биссака, Уильямс, Погба, Фернандеш, Фред (Матич), Марcьяль (Мактоминей), Рэшфорд (Лингард), Гринвуд (Мата)

 «Копенгаген»: Йонссон (Қ), Бьелланн, Бойлисен (Бенгтссон), Варела (Бартолец), Зека (К), Стаге (Мудражия), Нельссон, Биль (Овьедо), Фальк (Вик), Дарами (Кауфман), Винд 

 Бас төрешіК.Турпен (Франция);

Стадион: Райн-Энерги (Кёльн, Германия)