Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай: тарих және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізді. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына және 10 тамыз – Абай күніне орайластырылған ғылыми конференцияға ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, еліміздің, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінің абайтанушы ғалымдары мен тарихшылары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ж.Түймебаев Үкімет қаулысымен белгіленген жаңа мереке Абай күнімен құттықтай отырып, мерекенің маңыздылығы мен ақын мұраларының қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтудағы рөліне тоқталды.
«Бүгін біз қазақ халқының ұлы перзенті және жаһандық ауқымдағы тұлға – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтудеміз. Ұлы Абай ақын, ойшыл, философ, ағартушы, тарихшы, аудармашы, композитор, қоғам қайраткері ретінде Қазақстан тарихында және әлем халықтарының жадында мәңгілік сақталады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Абай туралы сөзінде» айтқанындай, «Абай – әлемдік татулық пен ынтымаққа өз үлесін қосатын рухани мәмілегер әрі гуманист». Расында, Абай – әлемнің бірлігін, Шығыс пен Батыстың татулығын көксеген, ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына ықпал еткен биік тұлға. Оның аты мен ой-толғамдары қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігіне айналды. Сондықтан Үкімет қаулысымен 10 тамыз күні – «Абай күні» болып бекітілді. Бұл күн – тек қана тұлғаны еске алу күні емес, бұл күн адамзаттық ой мен руханиятының, өнер мен әдебиетінің, бірлік пен ынтымақтың және достық пен бауырмалдықтың күні болып аталады», деді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы БҰҰ-ның ЮНЕСКО бағдарламасы аясында өткізілген ақынның 150 жылдық тойында «Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі де осы болып табылады» деген еді.
«Елбасы абайтану іліміне мемлекеттік деңгейде мән беріп, тың көзқарастар мен жаңа пайымдағы парасатты пікірлер легіне жол ашып берді. Мемлекет басшысы бұл үрдісті әрі қарай жарасымды түрде жалғастырып әкетті. Ұлы ақын, хакім Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында Президентіміз: «... интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өрісін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн» деп ұлағатты пайым жасады. Абай шығармашылығы арқылы халықтың өз тағдырын қолына алу үшін ар-намысын оятып, жігерін жануға, азаматтық белсенділігін арттырып, өзін шыңдауға шақырды.
Дәл осы күрделі уақытта біздер Абайдың өмірлік философиясының мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік қолдаудың теңдессіз шараларына, зор адамгершілік импульсіне айналғанын көріп отырмыз. Ұлы ойшылдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген қағидалы сөзі осындай қиын-қыстау кезеңде ерлік жасаған мыңдаған азаматтарымыздың бойтұмарына
айналды.
Өз кезегінде, ҚХА Абайдың өсиеттеріне сүйене отырып, оларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырып келеді. «Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясы, «Қазақтану» жобалары, «Абай175» челенджі, «Біз біргеміз», «Мың Алғыс» акциялары халқымыздың ынтымақ-бірлігінің жарқын айғағы болды», деді Ж.Түймебаев.
Сондай-ақ жиын барысында отандық және шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері Абай мұрасы тақырыбында баяндамалар жасады.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар