Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сегізінші тамыз күні сағат 23:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен "Охотзоопром" мамандарының бірлескен жедел-іздестіру жұмыстары барысында еліміздің "Қызыл кітабына" енген жануарға мылтық кезеген қаскүнемдер ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

Жалағаш ауданы аумағында жүрісі күдікті "Ниссан Патрол" автокөлігі тоқтатылып, жедел-тергеу тобы көліктен қарақұйрықтың денесін, бір тегіс ұңғылы мылтық, оқ пен пышақ тапты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір күдіктінің бірі Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, екіншісіне  бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, автокөлік айып алаңына қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Жыл басынан табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 297 дерегі тіркелді. Оның ішінде 22 қылмыстық және 274 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды",- деп атап өтті облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы. полиция полковнигі Шамшидин Әмитов.