Спорт • 11 Тамыз, 2020

Садақ атаудан әлемдік кубоктың қашан өтетіні белгілі болды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық садақ ату федерациясы садақ атудан әлем кубогінің өтетін уақытын белгіледі. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Садақ атаудан әлемдік кубоктың қашан өтетіні белгілі болды

Әлем кубогінің бірінші кезеңі 2021 жылдың 15-25 сәуір күндеріне Гватемалада өтеді жоспарланған. Екінші кезеңі Қытайдың Шанхай қаласында 17-23 мамыр күндері өтеді.

Ал Франция астанасы Париж әлем кубогінің үшінші кезеңінде 22-27 маусымда садақшыларды қабылдайды. Халықаралық садақ ату федерациясының хабарлауынша әлем кубогінің финалы қыркүйек немесе қазан айында өтеді деп жоспарлануда.