Спорт • 11 Тамыз, 2020

УЕФА қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА еурододалардың бірінші кезеңінде өнер көрсететін барлық командалардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды. Бұл туралы Egemen.kz  Спорт Экспресске сілтеме жасап хабарлайды.

УЕФА қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды

УЕФА еурододалардың бірінші кезеңінде өнер көрсететін барлық командаларға чартерлі рейспен ұшу керектігін міндеттеген еді. Ол үшін әр командаға шамамен 40 000 еуро бөлінді.

Аталған еурододада Қазақстанның төрт командасы ойнайды. Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде елордалық "Астана" футбол командасы сырт алаңда  "Динамо-Брест" (Беларусь) командасымен ойнайды. 

Ал "Қайрат" пен "Ордабасы" Еуропа лигасындағы ойындарын өз алаңында өткізу керек. Алматылық команда армениялық "Ноа" ұжымын қабылдаса, шымкенттік командаға румыниялық "Ботошани" командасы түсті. 

Қызылордалық "Қайсар" болса, Еуропа лигасының екінші кезеңінен бастап сынға түседі. Белгілі болғандай, жеребе 31 тамызда тартылады.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше