Әлем • 11 Тамыз, 2020

Си Цзиньпин қытайлықтарды азық-түлікті үнемдеуге шақырды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды. Бұл туралы Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Си Цзиньпин қытайлықтарды азық-түлікті үнемдеуге шақырды

ҚХР төрағасының айтуынша, елде жыл сайын бидай өндіру көлемі артып  келеді. Бірақ соған қарамастан елдегі азық-түлік қауіпсіздігін әркез басты назарда ұстаған жөн. Әсіресе қазіргідей сәтте азық-түлікті тиімді пайдалану аса маңызды. Өйткені осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне өз әсерін тигізген-ді. Осы орайда Си Цзиньпин азық-түлікке қатысты бақылауды күшейтіп, тиімді шаралар қолдану керектігін айтады.

"Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.

Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ҚХР төрағасы үнемі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән береді. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға, үнемдеуге шақырған.