Бірнеше күн бұрын әлемдегі ең беделді басылым - Нью Йорк Таймстың басты бетінде мақаласы жарияланған қазақ қызы туралы отандық БАҚ жарыса жазған еді. Калифорниядағы Беркли университеті Журналистика Жоғарғы Мектебінің 2020 жылғы түлегі, журналист - Ақсәуле Әлжан мұндай жетістікке қалай жеткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

2019 жылдың қыркүйегі еді. Менің Беркли университетіндегі журналистика факультетінде оқып жүргеніме бір жыл толды. Екінші курста оқытылатын сабақтарды таңдауымыз керек. Кей оқытушылар сабақтарының не туралы болатынын түсіндіру үшін студенттермен кездесіп жатты. Investigative Reporting Seminar деген сабақты мектепке жақында келген профессор, бұған дейін New York Times газетінде жылдар бойы журналисттік зерттеу жасаған, зерттеу журналистикасы бойынша Пулитцер Сыйлығын төрт рет жеңіп алған әлемдегі жалғыз адам Дэвид Барстоу (https://www.nytimes.com/by/david-barstow) беретінін естіп, оның студенттермен кездесу жиынына жетіп келдім. Курсымда алпыстың ар жақ бер жағында студент болса, соның үштен екісі жиналған екен. Тек жиырма төрт орын бар. Студент саны көп. Содан екі сағат бойы отырып, профессорды көндірдік – барлық студентті сабағына қатыстыратын болды. Осылайша, бұл менің Берклидегі екі жылымның ең сүйікті, ең көп үйренген сабағыма айналды.
Бір айдан кейін, мектеп жанындағы Investigative Reporting Program атты нон профит медиа орталығына студенттерді жұмысқа алатыны туралы хабарландыру келді. Ол ұйымды да Дэвид Барстоу басқаратын. Орталықтың басты мақсаты – тәжірибелі журналистік зерттеу тілшілері студенттермен бірлесе отырып, түрлі, терең зерттеулер жүргізеді, журналистер практикалық түрде мамандықтың қыр-сырын меңгереді. Бірден өтініш жаздым. Өтінішімдегі басты ой мынау болды: Қазақстан сияқты дамушы елден келген мен сияқты студент журналистикалық зерттеуді үйренуге мұқтаж. Мені жұмысқа алсаңыз, тек маған емес, бүкіл елге көмектесесіз, өйткені, бізде журналистік зерттеу жоқтың қасы. Сөйтіп, мені жұмысқа алды. Өте көп нәрсені үйрендім. Балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын-алуда үкіметтің жасағанын сынап жазып жүрген Гаррет Зеролф есімді беделді журналистің қол астында жұмыс істедім. Гарреттің Габриел Фернандес атты балақайдың өліміне қатысты жасаған зерттеуі жақында Нетфликстің деректі фильмдер сериясына арқау болды. (https://investigativereportingprogram.com/announcement/documentary-film-based-on-irp-story-was-1-on-netflix-in-its-first-week/) Журналистік Зерттеу бағдарламасы орталығында мыңдаған құжаттарды ақтардым, мемлекеттік органдардан FOIA заңы бойынша, ішкі құжаттарын алдырдым, оларды зерттедім, сұхбаттар жүргіздім.
Наурыз айында коронавируспен ауырған адамдар саны мен оқитын Калифорния штатында да көбейе бастады. Профессор Барстоу бүкіл мектеп ұжымына және студенттерге хат жолдады. "Бұл - өмірде бір-ақ рет болатын дағдарыс. АҚШта мұндай деңгейдегі денсаулық сақтау дағдарысы бұрын-соңды болып көрмеген. Менің өмірімде 11 қыркүйектен кейін болып тұрған, бүкіл елге тікелей ықпалын тигізіп тұрған масштабты оқиға. Штатта жарияланған карантин мен пандемияға байланысты жаңалықтарды "Нью Йорк Таймсқа" жазып тұрсақ, қалай қарайсыздар? Жобаға қатысқысы келетін студенттер мен оқытушылар сабақтарынан босатылады, сабаққа қатысу үшін берілетін кредиттер осы жобаға қатысу арқылы жабылады", - деді.
Айта кету керек, АҚШ-та "Нью Йорк Таймс" секілді беделді басылымдар студенттердің жұмысын жариялау түгілі, практикаға өте сирек алады. Бұл бұрын-соңды болып көрмеген оқиға. Калифорния секілді ірі штатта корпункттері бар. Газет басшылары Барстоуды жақсы білгендіктен, және сенгендіктен, оның ұсынына оң жауап берген.
Екі курстағы жүзге жақын студенттің сексені осы жобаға қатысамыз деп өтініш бердік. Мен бұрыннан Гаррет Зеролфпен жұмыс жасап келе жатқандықтан, Дэниел Лемпрес атты бірінші курс студентімен бірге пандемия балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын мемлекеттік агенттіктердің (бізше министрлік пен басқармалар) жұмысына қалай әсер етті деген жұмысты бастап кеттік. Сәуірден бастап Калифорниядағы елуден астам округтың (Қазақстандықтарға түсінікті болу үшін штатты облыспен салыстырсақ, округ аудандар секілді. Бірақ Калифорнияның өзінде қырық миллионға жуық халық тұратынын, ішінде Лос Анжелес округы секілді миллиондаған халық тұратын ірі округтер бар екенін ескерсек, жұмыс масштабын толығырақ түсінуге болады) әр қайсына қоңырау шалып, әлеуметтік жұмыс басқармаларының басшыларымен сөйлесіп шықтым. АҚШ-та FOIA (Freedom of Information Act) деген заң бар. Ол заң бойынша, елде тұратын әрбір азамат кез-келген мемлекеттік органға ақпарат сұрап өтініш жіберуге құқылы. Он күннің ішінде жаңағы мемлекеттік кеңсе жауап беруі керек. Бермесе, басы дауға қалады. Әрбір округке осы заң арқылы ақпарат алу туралы өтініш жібердік, келген жүздеген парақ жауаптарды сараладық. Бізде облыс, ауданды әкім басқарса, АҚШ-та оларды халық сайлаған бес адам басқарады, Board of Supervisors деп аталады. Он миллион халық тұратын Лос Анжелес округының бір супервайзерінен сұхбат алдым. Жұмыстың барлығы интернет, телефон арқылы жүрді.
Мақалаға келетін болсақ, ондағы әрбір сөз, әрбір фактіні бірнеше рет тексердік. Мамыр, маусым айларында алған ақпаратымыз әлі де шындыққа сайлығын тексеру үшін, тамыз айының басына дейін, дереккөздерімізге әлсін-әлсін хабарласып тұрумен болдық. Нью Йорк Таймстың, жалпы америка журналистикасының талабы осындай. Жалған ақпарат таратып, халықтың сенімін жоғалтуға болмайды.
Тамыздың жетісі күні төрт ай бойы жазған мақаламыз "Нью Йорк Таймстың" басты бетінде жарияланды. (https://www.nytimes.com/2020/08/07/us/virus-child-abuse.html) (https://www.nytimes.com/issue/todayspaper/2020/08/07/todays-new-york-times) (https://twitter.com/gtherolf/status/1291610752319537153) Әлемдегі ең беделді басылымның бірінші бетіне мақала жариялау – американ журналистерінің арасында да қол жетпес арман болып есептеледі. Бұған дейін жергілікті сайттарда ағылшын тілінде кішігірім мақалалар жариялағаныммен, мен үшін бұл карьерамдағы басты белестердің бірі.
Мамыр айында университеттегі оқуым аяқталды. Журналистика магистрі деген дәреже алдым. Алайда, жасаған жұмысым ұнаған болуы керек, Investigative Reporting Program мені жазғы практикаға шақырды. Ондағы жұмысым жақында аяқталды. Енді шекара ашылған соң елге келуді жоспарлап отырмын.
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар