Әлем • 11 Тамыз, 2020

Будапештте Абай Құнанбайұлының өлеңдері шырқалды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абай  Құнанбайұлының 175-жылдығына орай Мажарстандағы ҚР Елшілігі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Будапештте Абай Құнанбайұлының өлеңдері шырқалды

Іс-шараға Елшіліктің қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ қазақ тілін оқитын және қазақ мәдениетімен қызығатын мажар студенттер қатысты.

Іс-шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері мен мажар студенттері Абайдың тақпақтарын, қара сөздерін оқып, өлеңдерін айтты.