Спорт • 12 Тамыз, 2020

Джаканың айтқаны дәл келді: «Шахтер» «Базельді» ойсырата жеңді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның «Шахтер» командасы Еуропа лигасының жартылай финалына шықты. Турнирдің финалдық кезеңі Германияда өтуде, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Джаканың айтқаны дәл келді: «Шахтер» «Базельді» ойсырата жеңді

Ширек финалда «кеншілер» Швейцарияның «Базель» клубынан 4:1 есебімен басым түсті. Жанкүйерлерсіз өткен матчта «Шахтер» сапынан Мораес (2 мин.), Тайсон (22 мин.), Патрик (75 мин. пенальтиден), Додо (88 мин.) гол соқса, «Базельден» Ван Волфсвинкелдің қанжығасы майланды.

Бұл кеште Таулант Джаканың айтқаны дәл келді. Ойын алдында «Базельдің» жартылай қорғаушысы «Базель» мен «Шахтер» арасындағы кездесуде кімнің фаворит екенін айтқан еді. «Шахтер» мықты команда. Тәжірибелі қорғаушылары бар және олар жинақы ойнап бір-бірін жақсы түсінісе алады. Біз үшін өте қиын қарсылас. Чемпиондар лигасының деңгейіндегі команда. Менің ойымша бұл кездесуде «Шахтер» – фаворит!».

«Шахтер» жартылай финалда Миланның «Интер» командасымен 17 тамызда кездеседі.

Финалдық ойын 22 тамызда өтеді.

 

Ойын статистикасы:

«Шахтер» – «Базель»

Допты иелік ету – 55% – 45%; соққы – 15:12; дәл соққы – 8:2; бұрыштама – 7:8; офсайд – 2:5; сары қағаз – 2:2; ойыншы алмастыру – 5:4.

 

«Шахтер»: қақпашы – Пятов (капитан); қорғаушылар – Матвиенко, Бондарь, Кривцов, Додо; жартылай қорғаушылар – Степаненко, Антонио (Майкон), Тайсон (Тете), Патрик (Коваленко), Марлос (Соломон); шабуылшы – Мораес (Сантос Педро).

«Базель»: қақпашы – Николич; қорғаушылар – Петретта, ван дер Верфф (Рамирес), Альдерете, Видмер; жартылай қорғаушылар – Фрай, Кампо, Джака (Маршан); шабуылшылар – Пулулу, Артур (Адеми), Штокер (к) (Ван Волфсвинкел).