Экология • 12 Тамыз, 2020

ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға айыппұл салынды.

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді. Нәтижесінде, ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға 9 801 384 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға айыппұл салынды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді.

Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анықталды. Ол бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімдерде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жіберілді.  9 801 384 теңгеге айыппұл салынды, 5 415 850, 6 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолданылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моно-талшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 кг заңсыз олжаланған балық тәркіленген.