Осы аптада көгілдір экранға көз тіккен жанкүйерлер төрт бәсекені тамашалады. Кеше Донецкінің "Шахтері" Швейцарияның «Базель» клубының тас-талқанын шығарды. Есеп – 4:1.
Испанияның "Севильясы" мен ағылшындардың "Вулверхэмптон" арасындағы бәсекенің тағдыры кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда шешілді. 88 минутта Пирней түбегінен келген өрендердің осы матчтағы жалғыз голды соқты – 1:0.
Ал оның алдында Италияның "Интері" Германияның "Байер 04" клубын 2:1 есебімен ұтса, Англияның "Манчестер Юнайтеді" пен Данияның "Копенгагені" негізгі уақытта бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Овертаймда ағылшындардың асығы алшысынан түсті – 1:0. Бұл бәсекелердің барлығы да Германияда өтті.
Енді жартылай финалда "Шахтер" мен "Интер" және "Манчестер Юнайтед" пен "Севилья" шеберлік байқасады. Бұл кездесулер 16 және 17 тамыз күндері өтеді.