Бүгін медициналық қызметкерлер соңғы науқасты салтанатты түрде шығарып салды. Көжеков Кенжетай Дүйсенбайұлы 68 жаста. Аурудан құлан таза айығып шыққан қария, өзін өлімнен арашалаған қызметкерлерге шын жүректен алғысын айтып қоштасты. Халықтың амандығы үшін күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеген госпиталь директоры Динара Оразалина өз ойын былай қорытындылады.
"Біз 50 күн бойы тәуліктеп тоқтамай жұмыс істедік. Әсіресе, алғашқы кезеңдері қиын болды. Себебі, коронавирустық инфекциямен күресте бұрын тәжірибе болмаған. Біздің орталық мамандары аз уақыттың ішінде вирусқа қарсы күресте өте көп дүние үйренді", - деді Динара Оразалина.