Абай • 12 Тамыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде Елші Ермек Көшербаевтің басшылығымен Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары, сонымен қатар қазақ мәдениетінің Мәскеудегі қоғамдастығының өкілдері Ресей астанасындағы «Чистые Пруды» бульварындағы ұлы қазақ ақыны һәм ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

Ұлы отандасымызға құрметін білдіре отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллердің және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйлегенін атап өтті.

Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтты.

Сондай-ақ, Елшілік Абай мерейтойына арнайы Рунетте https://abai175.ru/ сайтын таныстырды, онда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат топтастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30