Әдебиет • 12 Тамыз, 2020

Анкарада Мұстафа Шоқай туралы кітап жарыққа шықты

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анкарада академик Дархан Қыдырәлінің "Мұстафа Шоқай" атты кітабы түрік тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz

Анкарада Мұстафа Шоқай туралы кітап жарыққа шықты

Автор ақжолтай хабарды өзінің фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

"Анкарадан Еуразия жазушылар одағының төрағасы, қадірлі дос-ағам Yakup Ömeroğlu хабарласып, "Бенгу" баспасынан "Мұстафа Шоқай" атты кітабымыздың жарық көргенін сүйіншіледі. Алғаш 2001 жылы Анкарада басылғалы да жиырма жылдай уақыт өткен екен, одан бері жаңа деректер қосылып, біраз толықтырылған түрік тіліндегі бұл еңбекті Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына тарту етеміз!", делінген жазбада.