Бағдарламалар • 12 Тамыз, 2020

Алматылықтар "Бюджетке қатысу" жобасында белсенді ме?

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні "Бюджетке қатысу" жобасы тұрғындарды қала кеңістігін жақсарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға кеңінен тартудың тиімді тетігі болып табылады. Бұл мәселені қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматылықтар "Бюджетке қатысу" жобасында белсенді ме?

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б.Сағынтаев осы жоба аясында тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 333 жобаға өтініш берілгенін айтты.2020 жылы жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 55 жоба іске асады, соның ішінде құрылыс саласы мен абаттандыруға қатыстылары да бар.

"Бүгінгі эфирді пайдаланып, алматылықтарды "Бюджетке қатысу" жобасына белсенді қатысуға шақырамын. Келер жылы орындалатын жобаларға да іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде өтініштер қабылдануда. Өздеріңіздің аулаларыңыз бен ықшамаудандарыңызда қандай жобаны жүзеге асыру қажеттігін өздеріңіз шешетін боласыздар», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Өткен жылы әр ауданға 500 миллион теңгеге қаражат қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда "Бюджетке қатысу" жобасының сомасын екі есе көбейту мәселесі қарастырылып отыр.