Спорт • 13 Тамыз, 2020

«Egemen» болжамы дәл келді: ПСЖ «Аталантадан» басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның ПСЖ командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғашқы болып шықты. Турнирдің финалдық кезеңі Португалияда өтуде, – деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen» болжамы дәл келді: ПСЖ «Аталантадан» басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды

Ширек финалда париждіктер Италияның «Аталанта» клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Жанкүйерлерсіз өткен матчта ПСЖ сапынан Маркиньос (90 мин.), Шупо-Мотин (90+3 мин.) гол соқса, «Аталантадан» Пашалич (27 мин) есепті алғаш болып ашқан еді.

Бұл кеште Egemen.kz-тің айтқаны дәл келді. Ойын алдында біз ПСЖ мен «Аталанта» арасындағы кездесуде кімнің фаворит екенін айтқан едік. «Дәл қазір Неймар әріптестері нағыз бабында десек те артық айтқанымыз емес. Болжамымыз бойынша жартылай финалға ПСЖ бірінші болып жолдама алады» (egemen.kz/tag/sport).

ПСЖ жартылай финалда РБ Лейпциг/«Атлетико» мықтысымен кездеседі.

 Ойын статистикасы:

«Аталанта» – ПСЖ

Допты иелік ету – 39% – 61%; соққы – 9:16; дәл соққы – 4:6; бұрыштама – 4:3; офсайд – 2:0; сары қағаз – 6:3; ойыншы алмастыру – 5:5.

«Аталанта»: қақпашы – Спортьелл; қорғаушылар – Джимсити (Поломино), Кальдара, Толои; жартылай қорғаушылар – Госенс (Кастань), Фройлер, Де Рон, Хатебур, Гомес (к) (Малиновский), Пашалич (Мюриэль); шабуылшы – Сапата (Да Рива).

ПСЖ»: қақпашы – Навас (Рико); қорғаушылар – Керер, Силва (к), Кимпембе, Бернат; жартылай қорғаушылар – Эррера (Дракслер), Маркиньос, Гуйе (Паредес); шабуылшылар – Сарабия (Мбаппе), Икарди (Шупо-Мотин), Неймар.

Соңғы жаңалықтар