22 Қазан, 2013

Австралиялық спортшы жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 10-Avstraliya sportshiАвстралиялық спортшы Том Деннисс жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.

Спортшы күніне 42 шақырымнан астам қашықтықты бағындырып отырған.

2011 жылдың 31 желтоқсанда Австралияның астанасы Сидней қаласынан жүгіріп шыққан спортшы алдымен Жаңа Зеландияға жетті. Одан соң Солтүстік пен Оңтүстік Американы, сондай-ақ Еуропа мен Азияның батысынан шығысына дейін жүгіріп өтіп, Австралияның батысына келеді. Сөйтіп елдің оңтүстік жағалауымен жүгіріп үйіне оралды. Том Деннисс бағындырған қашықтықтың жалпы ұзындығы – 26232 шақырым.

Том Деннисс әлемдік рекорд бойынша жер шарын ең тез айналып шыққан адам ретінде тарихта қалды. Ал спортшы жұртшылықпен жүздесуінде, әлемнің оған бұрынғыдай үлкен көрінбейтінін айтқан.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар