Саясат • 13 Тамыз, 2020

Моңғолияда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Моңғолияда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Монғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары - Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Янгуг Содбаатармен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу басында дипломат Я.Содбаатарды Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Елші Моңғолия Үкіметінің елде коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Моңғолия азаматтарын отанына қайтару жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында ү.ж. тамыз айында Ұлан-Батыр - Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша арнайы рейсті ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.