Қоғам • 13 Тамыз, 2020

ҚТЖ желісіндегі жазғы жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде

725 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазғы жол жөндеу жұмыстарының басталуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде шамамен 300 километр темір жолы жөнделді. Бұл туралы Egemen.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТЖ желісіндегі жазғы жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде
57 км жолға орташа күшейтілген жөндеу жүргізіліп, 18 км рельс тіректеріне, 78 км ескі жарамды рельс бунақтарына жаппай ауыстырым жасалып, ескі жарамды рельстері - 57 км және жаппай рельс жолтабандары – 155 км алмастырылды. 

RM қиыршық тастан тазарту машинасының көмегімен жылдық 300 км жоспарында 185 км тереңірек қиыршық тастан тазартылды. Осылайша, жоспарланған көлемнің 62% жұмысы орындалды. 

Жолдардағы жұмыс ауыр техникаларды пайдаланып орындалуда. Атап айтқанда, «Duomatic» түзету-бұрғылау-тегістеу машиналарын, DGS жол тұрақтандырғыштарды, PBR балласты жоспарлаушыларды пайдаланып, жылдық 2700 км (79%) жоспарында 2134 км жолға түзетулер жүргізілді. 

Unimat-MF жолдары мен бағыттамалы бұрмалар үшін түзету-қағушы-тегістеуші машиналармен 800 бағыттамалы бұрма түзетілді және 300 км астам жол тегістелді. Ағымдағы кезенде жылдық жоспар 100% орындалды.  Бұдан басқа, ATLAS рельсөндеуші пойызбен жылдық 1000 км  (153%) рельс өндеу жоспарында 1531 км рельс тегістелді. Desec бағыттамалы бұрмаларды төсеу үшін машиналарды пайдаланып, жылдық 270 бағыттама  (70%) жоспарында балласт қабатын ауыстыра отырып топырақ төсемін сауықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ЖТБ машиналарымен  жылдық 1000 км  (56%) жоспарында 563 км тегістеу орындалды. 

МКТ жыра-траншеялық машиналарды пайдаланып 100 мың куб.м астам топырақ өңдеуден өтті және Geismar машиналар кешенің пайдаланып 24 мыңнан астам шпал бірлеп ауыстырылды. 

Транзиттік дәліздердің өткізу мүмкіндіктерін арттыру, контейнерлік пойыздар жылдамдығын кеңейту, жүктер мен жолаушылар пойыздарын кедергісіз өткізу үшін жағдайлар жасауға, теміржол инфрақұрылымын ұстап тұруға ерекше назар аударылып келе жатқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымын дамыту басымдықты бағыттардың бірі болып табылады.   

Жұмыстар штаттық режимде, еш тоқтаусыз жүргізіліп жатқандығын атап кету қажет. Коронавирус індетімен күрес шеңберінде қабылданған қауіпсіздік шаралардың барлығы қаперге алынған.