Қазақстан • 13 Тамыз, 2020

Жыл басынан бері еліміздің порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері еліміздің порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Жыл басынан бері еліміздің порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды

Биылғы 7 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл - өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең.

Теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 100 % артты. Яғни, ол көрсеткіш өткен жылы көрсетілген уақыт кезеңінде 3 766 бірлік болса, биыл 7 540-қа жетті.

Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеуде оң динамика байқалды. Бұл көрсеткіш 16% өсіп, 17 079 бірлікті құрады.

Отандық сауда флотымен осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,32 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 7 910 контейнер Ақтау – Баку фидер желісінің үлесінде.

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысында ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 845,1 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 65,8% өсті. Оның ішінде 138 мың тонна Ресей бағытында болды.

Шлюздерді күрделі жөндеу шеңберінде ауданы 6 610 м2 темір-бетон құрылымдарына жөндеу жүргізілді.