24 Қазан, 2013

Әсерлі сапар

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Татарстан Фото  Рафхата Халелова 4Мен қатардағы фотосуретшімін. Биыл қызым Розалия екеуміз Та­тарстанда болдық. Ондағы мақ­сатым қазақтың атақты ақын­да­ры­ның бірі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін татар тілінде өзім он жыл­дан астам қасында болғанда түсір­ген фотосуреттерімді пайдаланып, шығару еді. Сол сияқты «Менің Қазақстаным» атты фотокөрме ұйымдастыру да ой­да болатын. Қазандықтар бізді жылы қарсы алды. Солардың бірі автобус жүр­гі­зу­шісі Ильяс Миннурұлы Ғиззатуллин Қа­зақстанның жетістіктеріне тәнті еке­нін айтып, біраз әңгіме шертті. «Сіз­дер бақыттысыздар, Нұрсұлтан Назар­баевтай басшыларың бар», деді ол.

Татарстан Фото  Рафхата Халелова 5

Сол сияқты, Азат пен Лилия Шай­мар­дановтар бала Тоқайды өсіріп қанат­тандырған Қазақ еліне дұғай сәлем жолдады. Өз елің туралы өзгелердің осындай лебіздерін естігенде бойыңа қуаныш сезімі ұялап, төбең көкке жеткендей болады екенсің.

Осы сапардан алған әсеріміз өте мол. Солардың бәрін айтып тауыса алмаспын. Ендігі әңгімені суреттер шертсін.

Рафхат ХАЛЕЛОВ.

ҚАЗАН – ОРАЛ.

––––––––––––––––

Суреттерді түсірген автор.

Соңғы жаңалықтар