24 Қазан, 2013

Қаныңды қайдағыға қалай қидың?

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жақында «Қазақстан» ұлттық арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» атты жаңа жобаны көрерменге ұсынған болатын. Шынын айту керек, атамекеннен алыстап қалған кішкентай қаракөздердің кейінгі тағдыры туралы көп нәрсе бізге беймәлім болып келді. Қазақстаннан бала асырап алған адамдар кімдер, олар сол сәбилердің туған ата-анасындай қамқорлық таныта алып жүр ме, шетелдегі жетімдер проблемасы қалай шешілуде? Міне, осы және мұнан да басқа көкейдегі көп сауалға тың жобадан жауап табылады.

Ұлттық арна тілшісі Жанар Бай­семізова Еуропа елдерінде арнайы іссапарда болып, шетелдіктер асырап алған қазақтың жетім балаларының тағдыры мен тыныс-тіршілігін зерттеп-зерделеп қайтқан екен.

1993 жылдың 10 мамырында Гаагада қабылданған «Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенция бойынша жетімдерімізді өз азаматтарымызға тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда өзге елдің азаматтарының қамқорлығына беруге рұқсат етілген еді.

Осы заң негізінде шетелдіктер Қазақстаннан 8 806 жетім баланы асырап алған екен. Олардың бүгінгі таңда 6 мыңға жуығы – АҚШ-та, 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда тұрады.

– Қазақстанда шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алуы ең көп талқыланған тақырыптың бірі. Қоғам назарын аударып отырған бұл мәселе алты жылдан бері ойланып жүрген тақырыбым еді. Бірақ бұл ойым тек «Қазақстан» ұлттық арнасына жұмысқа келген сәтімде жүзеге асты, – дейді бізбен әңгімесінде Жанар Байсемізова.

«Қазақстан» ұлттық арнасының негізгі мақсаты – ұлттық мұрат-мүддеге қызмет ету десек, шетелдегі қазақ балаларының өмірі мен өзекті мәселесін ұдайы назарда ұстау арқылы ұлттық арна өз ұстанымына берік екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

«Қазақтың балалары тағдырдың жазуы­мен қай елдің азаматтығын алғанмен, ол біздің қай кезде де қан­дасымыз болып қала береді. Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің Қазақстан дейтін ұлы Отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы.

Нұрзада КҮМІСБЕК,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің студенті.

Соңғы жаңалықтар