Саясат • 14 Тамыз, 2020

Онлайн кеңес өткізді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 10 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021-2023 жылдарға арнал­ған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жө­ніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге арналған онлайн кеңес өткізді.

Онлайн кеңес өткізді

Қоғам өкілдері, орталық, жергілікті мемлекеттік органдарының және квази­мем­­лекеттік сектор субъектілерінің бас­шылығы қатысқан іс-шараны аша отырып, агенттік төрағасы А.Шпекбаев азамат­тық қоғамды жаңа жоспарды әзірлеуге белсенді тартудың өзектілігін атап өтті.

Агенттік өкілінің негізгі баяндама­сының барысында жоспардың жобасына жүзеге асырылуы сапалық өзгерістерге мүлдем әсер етпейтін формалды және декларативті ұсыныстарды жолдаған жекелеген мемлекеттік органдарға қатысты сыни пікірлер айтылды.

Арнайы мониторингтік топтың бел­сенді мүшелерінің бірі Т.Нәрікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың бірін­ші басшы­ларының міндетті түрде қатысуы қажет­тігін және олардың жауапкершілігін арттыруды атап өтті.

«Талап» қолданбалы зерттеулер орта­лығының басшысы Р.Ошақбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны шын мәнінде тиімді құжатқа айналдырып, қайта құруды ұсынды.

Салалық сарапшылар мен қоғамшыл­дардың тұжырымдарын назарға ала отырып, айтылған сын-ескертпелердің негізін­де мемлекеттік органдар мен ұйым­­дарға өз ұсыныстарын қайта пы­сық­­тауға мүмкіндік беру туралы шешім қа­былданды. «Бүгін сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күн тәртібіне азамат­тардың басым көпшілігінің назары аударылды, сондықтан мемлекеттік ор­гандардың басшылығына бұл мәсе­леге патриоттық сезім мен ел болашағы үшін жауапкершілікті ескере отырып қарау өте маңызды», деді агенттік төрағасы.