Заңғар таулардың алыстаған сайын биіктей беретіні секілді, жылдар жылжып, уақыт ағыны сырғыған сайын қазақ санасында Шәмші Қалдаяқовтың аяулы есімі биіктей бермек. Ән болып жаралған Шәмші саналы ғұмырында тұтас даланы әнмен әлдиледі. Халықтың ішінде жүріп, туған еліне деген ақ адал махаббатын әнмен әдіптеді. Шәмші әлемі сезім дейтін тылсымды иірімге салып, өзіне қарай тарта беретін қуатты күш. Оның әні қазақ мәдениетінің сарқылмас қазынасына, інжу-маржан мұрасына айналғалы қашан. Тума таланттың қай туындысы болмасын өмірдің өзінен алынған. Сезіміңді толқытпауы, көңіліңді тербемеуі, жүрегіңді елжіретпеуі мүмкін емес.

Шәмші әнімен тәрбиеленген қаншама буын махаббат пен сағыныштың, ізгілік пен мейірімнің құдіретін саз арқылы бойына сіңірді.
Айтулы ақындарымыздың қуатты жырлары Шәмші әнімен жымдасқанда, ән мен жыр бір-бірімен жарасып-жамырасып тұла бойды шымырлатар таңғажайып туындыға айналды. Шәмші әні талай орындаушының жұлдызын жарқыратып, халықтың жүрегіне жол ашты. Қаншама өскінді өнер әлеміне іңкәр етті.
Күні бүгінге дейін кез келген думанды кештер мен қуаныш дастарқандарының төрінде Шәмшінің әні шырқалады. Болашақта да солай болатыны айқын. Сұлу сазды серік еткен композиторларымыз үшін айнымас үлгі, жол сілтейтін темірқазық болып Шәмші ағамыз тұр.
Қазақтың қай топырағына барсаң да Шәмші аға шалқыған шалқар ән болып алдыңнан шығады. Жас та, кәрі де оның әнін сүйіп айтады. Арыстың жағасы мен Каспийдің толқыны ән болып кеудеңді шымшылайды, бақыт құшағына тартады, Сыр сұлуы болып жаныңды шуаққа бөлейді. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармалары мәңгілік мұра, оның әні жүректердің дауасы.
Осынау мерейтойға орай, алдағы уақытта өзім еңбек етіп жүрген Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның ұжымы жақсы жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Басқа да өнер ұжымдары Шәмші әндеріне арналған түрлі онлайн концерттер өткізіп жатыр. Мұның бәрі халықтың ұлы дарын иесіне деген шексіз құрметі.
Нұрғали НҮСІПЖАНОВ,
Қазақстанның халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?
Қоғам • Бүгін, 10:54
Алматыда троллейбустан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:45
Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:11
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Видео • Бүгін, 09:45
Шығыс Қазақстанда бір апта ішінде 22 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды
Қаржы • Бүгін, 09:35
Елімізде өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2016 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Қоғам • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:12
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды
Теннис • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:34
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Оқиға • Бүгін, 08:30
Саясат • Бүгін, 08:26
Үкімет • Бүгін, 08:17
Маман даярлаудағы маңызды тетіктер
Қоғам • Бүгін, 08:15
ARASHA отбасындағы агрессорлардан арашалайды
Қоғам • Бүгін, 08:12
Қарағандыда карантин күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 08:09
Үш жүз мыңнан астам адам екпе салдырды
Қоғам • Бүгін, 08:05
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
Экономика • Бүгін, 07:59
Күрес • Бүгін, 07:59
Өнер • Бүгін, 07:57
Әлем • Бүгін, 07:56
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Әлем • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:50
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:44
20 млрд теңгеге жуық көлік салығы түсті
Экономика • Бүгін, 07:41
Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді
Спорт • Бүгін, 07:39
Тұрлыханов президенттік қызметке қайта сайланды
Оқиға • Бүгін, 07:38
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Экономика • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:33
Тарих • Бүгін, 07:31
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Әлем • Бүгін, 07:25
Бокс • Бүгін, 07:25
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Коронавирус • Бүгін, 07:21
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар