Саясат • 14 Тамыз, 2020

Волонтерлер жұмысы пысықталды

589 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясының орталық аппаратында «Жастарды қолдау» бағыты бо­йынша отырыс өтті. Жиын барысында қатысушылар пандемия жағдайындағы волонтерлік қызмет және Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын талқылады.

Волонтерлер жұмысы пысықталды

Партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Ген­надий Шиповских отырысты адам өмірі мен денсаулығы үшін күресте алдыңғы қатарда жүрген адамдарға алғыс айтудан бас­тады: «Біз күн сайын бүкіл ел бойын­ша медицина, полиция және қарулы күш­тер қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қайы­рымды жандар жасаған ерлікке куә болып жүрміз. Бүгін бірінші кезекте дәрі­герлерге, медбикелерге, санитарларға, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді», деді депутат.

Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Волонтер жылы» және коронавирус пандемиясы кезіндегі волонтерлік жобаларды іске асыру және қаражатты пайдаланудың тиімділігі туралы баяндама жасады. Отырыс барысында Jas Otan жастар қанаты жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жасотандық волонтерлердің атқарған жұмысы туралы айтып берді.

«Пандемия кезінде «Біз біргеміз!» акция­сына 5 мыңнан астам волонтер мен мейі­рімді қазақстандық қатысып, 250 мың мұқ­таж жанға азық-түлік себетін және гигие­налық құралдарды, сонымен қатар 5 млн медициналық мас­ка үлестірді. Соны­мен қатар төтенше жағдай кезінде 3 мың қарт адам күнделікті ыстық тағаммен қамтамасыз етілді», деді волонтерлер жұмысынан хабар берген Е.Бейсенбаев. Сондай-ақ жастардың Түр­кістан облысының Мақтаарал аудан­ында болған оқиғаға бейжай қара­май, «гуманитарлық көмекті» тарату жұ­мы­сына белсенді атсалысқанын атап өтті.

Осындай қиын уақытта азамат­тары­­­мыз­дың өмірі үшін ұзақ уақыт бойы кү­ресіп жүрген дәрігерлер де жас волон­тер­лердің назарынан тыс қалған жоқ. «Бұдан бас­қа дәрігерлерді қолдау мақсатында «Дәрі­гер­лерге мың алғыс» республикалық акция­сы ұйымдастырылған болатын. Іс-шара бары­сында 6 900-ден астам медицина қызмет­керіне және 100-ден астам ауруханада ерік­тілер қолғабыс етті», деп атап өтті Jas Otan жетекшісі.

Жиында белгілі болғандай, Jas Otan ЖҚ коронавирустық инфекция пандемия­сымен күресте қолдау көрсету жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Сонд­ай-ақ әлемде болып жатқан оқиға­ларға қарамастан, партияның жастар қанаты ел жастарының өмірін жақ­сар­туға бағытталған қызметтерін жалғас­тыруда. Осыған орай 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарла­ма­сын әзірледі.

Jas Otan бағдарлама жобасын көп­шілік назарына талқылауға ұсынды. Бағ­дарлама жобасында әрбір жас қазақ­стан­дықтың өміріне қатысты жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, сапалы білім, азамат­тық белсенділік және тұлғалық даму сынды негізгі мәселелер көрініс тапты. «Бағ­дар­ламаны іске асыру мақсатында қойыл­ған міндеттерге қол жеткізу үшін шара­лар кешені мен нақты индикатор­лары бар өңірлік жол карталары қабыл­дана­тын болады. Бағдарламаны іске асыру мақ­сатында партияның жас өкіл­дерін Парла­мент Мәжілісінде және бар­лық деңгей­дегі мәслихаттарда нақты тетіктермен қамта­масыз ету үшін жастарға бөлінген 20% квота негізінде партияішілік праймеризде іріктеу арқылы белсенді және талантты жас қазақстандықтардың пулы құрылады», деді Е.Бейсенбаев.

Бағдарлама жобасын әзірлеу барысында жас белсенділер дамыған елдердің тәжірибелерін зерделеп, әлеуметтік зерттеулер мен сауалдамалардың нәтижелері ескерілген.