Сайлау • 14 Тамыз, 2020

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылғы 12 тамызда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 44, 77 және 81-баптарына сәйкес және 2020 жылғы 12 тамызда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлауы комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттары болып есептелсін:

Ақмола облысынан – Бекенов Нұрлан Жексембайұлы;

Ақтөбе облысынан – Қаниев Бауыржан Нұралыұлы;

Алматы облысынан – Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы;

Атырау облысынан – Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы;

Батыс Қазақстан облысынан – Рысбекова Ләззәт Тұяқбайқызы;

Жамбыл облысынан – Орынбеков Бекболат Серікбекұлы;

Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович;

Қостанай облысынан – Карплюк Сергей Алексеевич;

Қызылорда облысынан – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы;

Маңғыстау облысынан – Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы;

Павлодар облысынан – Нұхұлы Алтынбек;

Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна;

Түркістан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;

Шығыс Қазақстан облысынан – Булавкина Ольга Александровна;

Нұр-Сұлтан қаласынан – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы;

Алматы қаласынан – Мәкежанов Сұл­тан­бек Алмасбекұлы;

Шымкент қаласынан – Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы.

  1. 2020 жылғы 12 тамызда болған Қазақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құрал­дарында осы қаулыға қосымшаға сай жариялансын.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.Имашев

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.Мұстафина

 

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жылғы 13 тамыз, №18/317

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2020 жылғы 13 тамыздағы № 18/317 қаулысына қосымша