Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

14 тамызға арналған ауа райы болжамы

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМҚ 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, бүгін кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің оңтүстігінде күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды ​​облысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлеріңде 15-20 м/с жел күшейеді, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.