Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Көкшетаулық полиция қызметкерлерінің қамқорлығы

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмолалық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.

Көкшетаулық полиция қызметкерлерінің қамқорлығы

Түсіндіріп қана қоймай, көмек қолдарын созуда. Медициналық маска тарату бойынша арнайы акция да өткізді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен бөлінген бес мың дана масканы қала тұрғындарына тарата жүріп, қай уақытта да сақтықтың керек екендігін жерлестерінің санасына сіңіруге тырысты.

Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті қала тұрғындары тарапынан жақсы баға алуда. Әрбір адам жаман тұмау қаупінің әлі сейілмей тұрғандығын білуге тиісті. Шарапаты мол әрекет кейбір тәртіпті сақтауға мойынсұны бермейтін адамдар үшін тәп-тәуір сабақ болды.