Кеше Астанада еліміз дәрігерлері мен емделушілеріне «Dariger» атты алғашқы тегін мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Аталған игі бастамаға Beeline компаниясы қолдау білдіріпті.
Кеше Астанада еліміз дәрігерлері мен емделушілеріне «Dariger» атты алғашқы тегін мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Аталған игі бастамаға Beeline компаниясы қолдау білдіріпті.
«Dariger» қосымшасының арқасында дәрігерлер міндетті ақпаратқа тегін кіреді, ал, емдеу мекемелерінің әкімшілігі диагноз қою мен емдеудің нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылай алады. Сондай-ақ, мобильді қосымша емделушілердің медициналық қызметтерден әрдайым хабардар болуына жол ашып отыр. Мұндай жобалардың аумағы үлкен, халқы әртүрлі тығыздықта орналасқан, шалғай жатқан елді мекендері көп еліміз үшін маңызы зор, дейді Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтау жолдарын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаев.
«MedElement» компаниясының бас директоры Виталий Ермоленко бұл қосымшаның дәрігерлерге ғана емес болашақ мамандық иелері – студенттерге де пайдалы екенін айтады. Оның пайымдауынша, Beeline арқылы кез келген адам маңызды да қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».