Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Полицейлер мен құтқарушылар профилактикалық рейдтер өткізді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адамдардың суға кетуінің негізгі себебі рұқсат етілмеген аймақта шомылу, суға ішімдік ішіп түсумен, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру болып отыр.

Полицейлер мен құтқарушылар профилактикалық рейдтер өткізді

Биылғы маусымда облыс бойынша 30 адам суға кетіпті, оның 11-і кәмелетке толмаған балалар.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары профилактикалық рейдтер өткізді.
   
Рейд Сабалақ, Ягодка, ПМК-29, Қараөзек, Талсуат, Пищевик, Дружба, Строительная саяжайлық аумақтарында жүргізіліп, тұрғындарға брошюралар таратылды.