АҚШ-тың Канзас университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Линей Хосек Семейдегі Шәкәрім атындағы университеттің студенттерімен кездесті. Жиынды ашқан университеттің халықаралық қатынастар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бақыт Атантаева студенттерге «Линей ханым қазақ тілін үйренгісі келеді, ал сендерге ағылшын тілін үйретпек. Өзара әріптестік қарым-қатынаста боласыздар деп сенемін», – деді.

Линей Хосек ханым «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша жыл бойы студенттерге ағылшын тілінен сабақ бермек. Өзінің айтуынша, бұл – ағылшын тілін жетік меңгергісі келетін жастар үшін зор мүмкіндік. Қызы Эбимен бірге мұхиттың арғы жағынан келген мейманға студенттер мен оқытушылар ерекше қонақжайлылық танытты. Сұрақтар да көп болды. Әңгімелесу барысында ұстаз өзі қызмет ететін оқу орны, ондағы оқу жүйесі, жалпы Америка халқы, салт-дәстүрі, тарихы жайлы жасалған қызықты слайдты көпшілік назарына ұсынды.
Раушан НҰҒЫМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.