Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Жамбылдағы спорт кешені Жақсылық атымен аталады

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақсылық Үшкемпіров - қазақ спортындағы әйгілі есімнің бірі. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында топ жарған оғлан ұлттың мақтанышына айналды. Ал, қазақ күресіне ден қойған қазақ балалары да Жақсылықтың ерлігіне сүйсініп, оның спорт саласындағы биік жетістігін құрметтегені анық.

Жамбылдағы спорт кешені Жақсылық атымен аталады

Жуырда ғана өмірден өткен Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров есімі ешқашан ұмытылмайды. Осы уақытқа дейін Тараз қаласындағы "Тараз-Арена" спорт кешенін Жақсылық Үшкемпіров есімімен атау ұсынылған болатын. Жамбыл облысының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихат отырысында мақұлданды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің қазақ спортындағы қайталанбас тұлға, біртуар азамат екенін атап өтті. Сондай-ақ, отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына да қосқан үлесін айта келіп, аталған бастаманы қолдағаны үшін депутаттарға алғыс білдірді. Ал, қайта атау туралы ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілетін болды.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамыр күні Жамбыл облысы, бүгінгі Байзақ ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысы