Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады

2204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қазақстандық дипломаттардың атынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 150 дербес компьютерін беру рәсімі өтті.

Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады

Рәсім барысында "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" АҚБ өкілдері ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин басқаратын "Қайырымдылық" ерікті қоғамы" қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы арнайы меморандумға қол қойды.