Елорда • 14 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда екі тәулікте 17 кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс істегені анықталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тексеру барысында 12 тамызда түнгі уақытта сағат 22.00-ден кейін Жетісу, Сарайшық көшелерінде бірнеше қоғамдық тамақтану объектілері өз қызметін жүзеге асырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда екі тәулікте 17 кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс істегені анықталды

"Чайхана", "Кофехана" және "Лаваш фуд" жұмысшылары карантиндік шараларға қарамастан, әлеуметтік қашықтықты сақтамай клиенттерді қабылдады. Мобильді топ келген кезде полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері "Лаваш фуд" тез тамақтану бөлмесінде 30 адам болды.

13 тамызда түнгі сағат 22.00-01.00 аралығында "Алматы" ауданы бойынша екі сауна, "ТОМ YUM" бар, "Барыс 2" Палау орталығы жұмыс істеді, оның кабиналарында 15 адам отырды және Сарайшық көшесіндегі "Туман" кальян шегуге қызмет көрсеткен. Клиенттерге қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша 4 әкімшілік хаттама жасалды.

Барлық құқық бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.