Оқиға • 14 Тамыз, 2020

"СК-Фармацияның" экс-басшысы қамауға алынды

979 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"СК-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"СК-Фармацияның" экс-басшысы қамауға алынды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Төтенше жағдайлар кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдану фактісі бойынша ұсталып, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалды", дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілі.

Хабарланғандай, осы жылдың 14 тамызынан бастап күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.