Еліміздің ХХІ ғасырдағы даму мүмкіндігін айқындайтын «Қазақстан-2050» Стратегиясын тиімді іске асыру жолындағы «Нұр Отан» партиясының рөлі жаңа Саяси доктринада айқын көрініс тапқан. Доктрина – Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын саяси қолдауға және идеологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді дамыту жоспары. Ол Қазақстанның тағдырына жауапкершілік алуға қабілетті, ел азаматтарының басым көпшілігіне жақын және түсінікті игі мақсаттарды қолдайтын барлық күштерді біріктіру идеясына негізделген. Онда партияның әділетті әлеуметтік саясатының негізі – әрбір адамның өзін өзі дамытуына, тұрмысын жақсартуына азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне байланысты мәселелер нақты белгіленген. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі.

Облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа Доктринаны қызу талқылап, оны қолдайтындықтарын білдірген еді. Себебі, біздің басты құжатымыз, «партия конституциясы» болып табылатын аталған Доктрина медицина қызметкерлеріне де үлкен міндеттер жүктейді.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын сақтау мәселесін тұрақты түрде назарда ұстап келеді. Тіпті, Үкіметтің осы салаға баса назар аударып, қаржыландыруды жылдан жылға арттыруға мүмкіндіктер қарастыруын да Елбасының пәрмені деп білеміз. Соңғы жылдары «Денсаулық пойызының» ұйымдастырылуы, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қабылдануы секілді ұзақ мерзімді шаралар жемісін бере бастады. Осыған орай ауруханаларды уақыт талап етіп отырған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, кез келген дерттің алдын алу қарқынды жүргізіліп келеді.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша біршама жұмыс атқарып үлгерді. Нақты мысалдарға жүгінер болсақ, 2013 жылдың 7 айында алғашқы рет анықталған аурулар саны 374 139, 2012 жылдың 7 айында 367 668 адам болды. Жалпы аурушаңдық 2013 жылдың 7 айында 100 мың адамға шаққанда 35201,7 құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың 7 айында 34592,9 болған еді.
Туберкулез аурушаңдығы 100 мың адамға шаққанда 46,1-ден 42,2-ге, наркологиялық аурушаңдық 118,0-ден 96,5-ке, психикалық аурушаңдық 47,3-тен 38,35-ке дейін төмендеді. Артериалдық гипертониямен аурушаңдық 2013 жылдың 7 айында 100 мың адамға шаққанда 1047,57-ден 2012 жылдың 7 айында 928,45-ке дейін төмендеді. Туберкулезден өлім 2013 жылдың 7 айында 2012 жылдың 7 айына қарағанда 3,5-тен 3,1-ге дейін азайды.
Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 50,6-дан 47,7-ге дейін, қан тамырлары ауруларынан өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 229,7-ден 163,1-ге кеміді. Жол-көлік апаттарынан өлімді азайту және жарақаттар кезінде медициналық көмекті жоғарылату мақсатында Алматы – Ташкент трассасы бойында Шу қалалық ауруханасы негізінде 25 төсектік ауданаралық травматология бөлімшесі ашылды.
Бұдан басқа да атқарылған жұмыс аз емес. Бұл ретте Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде халыққа көрсетіліп отырған медициналық қызмет туралы барлық аудандар мен шалғай ауылдық елді мекендерде түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізгенімізді де айта кетсем деймін. Себебі, әрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы екенін түсіну әлі де кемшін соғып отыр. «Ауырғаннан – ауырмаудың алдын алу керек» екендігін ұғынатын кез келді. Сондықтан, кез келген азамат дәрігерге құлап қалған соң емес, алдын ала қаралса, ертерек ем қабылдаса, өзіне ғана емес, дәрігерлерге де оңай болар еді. Ал бүгінде кез келген кеселді анықтауға мүмкіндік көп. Қысқасы, ауырмаған адам ғана өз отбасынан бастап қоғамға дейін зор пайдасын тигізеді.
Елбасы қашанда әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Жаңа Докторинада да бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау көзделген. Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, ал медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді әрі сапалы болуын қалайтыны – табиғи жайт. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеуге тиіспіз.
Салтанат ОМАРБЕКОВА,
Жамбыл облысы әкімдігіденсаулық сақтау
басқармасының басшысы.
ТАРАЗ.