Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Алматыда «Қазақфильм» ғимараты өртке оранды

1122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматыда «Қазақфильм» ғимараты өртке оранды

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды.

«14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде», - деді ТЖД баспасөз қызметі.